8 — қабаттан құлаған бала қайтыс болды

199

23 желтоқсанда сағат 00:45-те дәрігерлер баланың биологиялық өлімін анықтады. 22 желтоқсанда қалалық балалар клиникалық ауруханасына 2008 жылы туылған бала 21:15-те түскен болатын.

Анасының айтуынша, бала көп қабатты үйдің 8-қабатынан құлап, әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Аурухананың жансақтау бөліміне дереу жеткізілген.

Реаниматологтар, хирургтар, кезекші травматологтардан тұратын кеңес шақырылды. Бірқатар реанимациялық шаралар қабылданды. Баланың жүрегі екі рет тоқтап қалған.

Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 23 желтоқсанда сағат 00:45-те дәрігерлер баланың биологиялық өлімін анықтады. Марқұмда жабық жарақат, бас сүйек сынуы, мидың жарақаты, кеуде және іш қуысы жарақаттары, жұмсақ тіндердің бірнеше жарақаты, беті, екі шынтақ буындары көгеріп, қажалған.