«АЭРОПОРТ ШЫМКЕНТ» АҚ НЫСАНЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Әуе кемелерінде пайда болатын төтенше жағдайлар көптеген адам өліміне әкеледі. Осыған байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Шымкент әуежайы» АҚ әуежайының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізудің мақсаты – әуе кемесінің авариялық қонуы кезінде құтқару қызметтерін даярлау, шартты өртті сөндіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және эвакуациялау, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру.

Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес шартты өрт Алматы-Шымкент бағыты бойынша «SKAT» авиакомпаниясының АН-24 ұшағында жасады. Оқу-жаттығу барысында әуежай қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді хабардар ету, авариялық жағдай орнына келу және ілесіп жүру мәселелері пысықталды.

Оған 10 техника, Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-ның, жедел-құтқару жасағының офицерлік және жеке құрамы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.