АЛИМЕНТТЕН БӨЛЕК ТӨЛЕМ ӨНДІРУГЕ БОЛА МА?

398
Fingers art of sadness family. Man returns money.

Ажырасқан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен, алименттен бөлек, ерекше баланы күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіріп алуына болады. Бұл туралы ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде көрсетілген.

«Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың (…) ауыр науқастануы, мертігуі, оларды бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот ата-аналардың әрқайсысын осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды өтеуге тартуы мүмкін».
(ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 144-бабы)
Бұған қоса, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 144-бабына сәйкес, сот ата-аналарды нақты шығыстарды өтеуге де, балаларды болашақта күтіп-бағуға қажет қосымша шығыстарды өтеуге де міндеттеуге құқылы.
Ерекше баланың анасы, белгілі заңгер Айгүл Шакибаеваның айтуынша, алименттің 3 түрі бар. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың бірі балаға төленетін алиментке қосымша бала бағушы ретінде өзіне күтім және баланың емі мен дәрісіне кеткен төлемдерді бөлісуді талап ете алады.
Алимент түрлері:
1. Балаларға төленетін алимент
(1 балаға – жалақының 1/4 бөлігі, 2 балаға – 1/3 бөлігі, 3 және одан көп балаға – жартысы);
2. Ерекше баланы күтуші анасына (әкесіне) алимент;
3. Баланы емдеуге қосымша шығыстарды бұрынғы ерлі-зайыптылар тең бөлісуі тиіс.
«Бұл тұста ерекше бала болсын, басқа да балалар болсын – бұрынғы ерлі-зайыптылар алименттен төлеуден бөлек баланың еміне, дәрісіне кеткен шығысты теңдей бөлісуге міндетті. Ол үшін сотқа арыз-шағым жасауға болады. Менің тәжірибемде ондай жағдайлар болған. Арыз-шағымды беру санында шек жоқ, баланың әр емінен соң беруге болады».
(Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы жөніндегі комиссияның тәуелсіз заңгері Айгүл Шакибаева).

Нұрлан Бектаев,
«Тұлға.kz» жобасы

«Оңтүстік Рабат», №51-52, 17 желтоқсан 2020 ж