Желтоқсан айының 9-12 күндері, сағат 11.00 мен 17.00 аралығында №44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою бойынша жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Залалсыздандыру жұмыстары әскери бөлімнің техникалық аумағындағы қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауымен жүргізілуде. Бұл арнайы орын бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, жарылғыш заттардың қалдықтарын ұшуын жоққа шығарады. Жарылғыш заттарды өртеу барысында пайда болған қауіптерді төмендетуге керекті шаралар мен арнайы құрылғылар қолданылуда. Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ.
Құрметті қала тұрғындары! Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында. Қауіпке негіз жоқ. Үрейге бой алдырмаңыздар! Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.