Арыс қаласында ашылған баламалы электр станциясы қуаттылығын одан әрі арттырмақ. Ол үшін бюджеттен 2,5 млрд7 теңге бөлінеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Арысқа барған іссапарында айтты.
Осылайша жаңадан толығатын 6 жұмыс орнында тағы 5 мВт электр энергия өндірілмек. Еске салайық, күн сәулесінен қуат алатын орталық биыл ашылған еді. Құны 7 млрд. теңгені құрайтын орында жылына 14 мВт электр энергиясы өндіріледі. Қазақстан мен Францияның бірлесіп бастаған жобасы 30 га алып жатыр.
Назерке Үкібасова