ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы келер жылы қаңтардың 10-ына белгіленген.
Бүгінде жергілікті жерлердегі аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда.
Түркістан облыстық аумақтық комиссиясының мәліметі бойынша, бұл сайлауға 1 млн. 156 мыңнан астам сайлаушы қатысады деп жоспарлануда. Облыстағы 911 учаскелік сайлау комиссиясындағы 6 мың 328 комиссия мүшесі оқу семинарларында дәріс алып, тест тапсырып, арнайы сертификатқа ие болған. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтпек. 4-ші желтоқсанда үміткерлердің тізімін ұсыну аяқталады.
Әлібек ӨМІРӘЛИЕВ, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «»Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы, қала, аудандардағы филиалдардан, жалпы 629 үміткердің тізімі тапсырылды. 30 пайыздық квота бойынша 230 үміткер тіркелді. Ауыл партиясынан облыстық мәслихатқа 8 үміткер, Отырар аудандық филиалынан — 3 үміткер, Төлеби ауданындағв филиалдан — 6 үміткер, жалпы «Ауыл» партиясының тізімі бойынша жалпы 17 үміткер тіркелді. Сонымен қатар, бүгін 3 желтоқсан түске дейін «Адал», «Ақ жол» партияларының тізімі тіркеуден өткізілді. Қазақстанның халық партиясы тізімін тапсыру керек, уақыт бар. 4-ші желтоқсан партиялық тізімдерді ұсыну аяқталады».
Айта кететін жәйт, бүрынғы «Бірлік» партиясы «Адал» болып тіркелсе, Қазақстан коммунистік халық партиясы да атауын өзгертіп, Қазақстанның халық партиясы ретінде тіркелді.
Шынар Оразова