Бір балаға — 19 354 теңге…

97

Түркістан облысының шенеуніктері мен кәсіпкерлер қатысқан жиналыста пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпкерлік саласының жағдайы талқыға түсті.. «Кәсіпкерлерге көмек көрсету — біздің парызымыз» деген облыс басшысы жеңілдетілген қаржыландыру, салықтан босату және несиелік ынталандыру секілді көмектің қарастырылып жатқанын тілге тиек етті.

Індет басталған уақыттан бері өңірдегі 500-ден астам кәсіпорынға 48 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Және бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамайды деп сендірді әкімдік өкілдері.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ Түркістан облысының әкімі: «Бизнестің жол картасы-2025″. Бұл енді жылда өтіп жатқан бағдарлама ғой. Бірақ биыл 38 пайызға ұлғайды. Оған сол 3,5 млрд. теңге жұмсалды. 2021-ші жылға да бұл жалғасады. 6 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр казір».

Сондай-ақ, жиында колледждерді басқаруға алғысы келетін кәсіпкерлердің де бар екені айтылды. Алайда, жас маман бағдарламасы арқылы модернизацияға жататын арнайы оқу орындарын басқарушылыққа алу мүмкін болмай отыр екен. Осы бағытта жауаптыларға ұсыныспен шығу мәселесі талқыланды.

Бұдан өзге облыс көлемінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландырудың да аз екені де айтылды. Осы проблеманы шешу үшін 16 млрд. теңге көлемінде қаржының жетіспей жатқанын және облыс басшысынан қолдау керек екені де кездесуде талқыланды.

«Жалпы республикалық норматив 38 мың тг бір балаға жоспарланып отыр. Лимит 31 мың теңге. Біздің облысымызда бір балаға 19 354 теңгеден есептеліп отыр. Өзгеріс енгізілген кезде облыстық бюджеттен қаралсын дегенбіз ол жақта мүмкіндік болмағандықтан. Үкімет тарапынан бөлу қажет болып тұр. 16 млрд. теңгедей осыған қаражат жетіспей жатыр. Білім басқармасы хабардар. Осы тұрғыдан қолдау қажет болып тұр».

Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бүгінде 28,9 млрд. теңгенің 292 жобасы мақұлданған. Банктерде 6,1 млр.д теңгенің 28 жобасы қаралуда. Бірақ, қаржыландыру бойынша екінші деңгейлі банктер сылбырлық танытып жатқан көрінеді. Сонымен қатар, жиында бизнесмендер облыс орталығының экологиясын жақсарту және абаттандыру бойынша өз ұсыныстарын айтып, бірқатар жобаларымен таныстырды.

Ғалымжан Кенжебек