Дәрігер ақша сұраса, басқарма басшысының телефонына хабарласыңыз

125

Медицина қызметкерлері ақша талап етсе, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына тікелей хабарласыңыз.

Басқарма басшысы сізді мазалаған мәселеге байланысты тәулік бойы жауап беруге дайын. Бұл үшін +7 701 505 44 58 ұялы телефон нөміріне хабарласуға болады.

«Біз жемқорлықпен күресуіміз керек. Сондықтан мен қала тұрғындарымен тікелей жұмыс істеуге дайынмын. Ақша сұрау жәйтіне кезіксеңіз, менің тікелей 8 701 505 44 58 нөміріме хабарласыңыз. 24 сағат бойы жауап беруге дайынмын»-дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан.