Е. Жұмаханбетов: «Басты қағиданың бірі — қамқорлық»

256

Адамдар қылмыскерден қорғану үшін бірінші кезекте полицияға жүгінеді. Полиция – азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етеді. Десе де, тәртіп сақшылары да қоғамның бір мүшесі.

Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызмет атқаратын әрбір қызметкердің өз орны бар. Олар өз міндетін тиісті деңгейде атқаруы үшін, бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған.

16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов Исанов Русланның шаңырағына арнайы барды.

Руслан Құдайбергенұлы — Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция лейтенанты. Көп балалы полиция қызметкерінің кенже ұлы Балсеріктің асқазанына жеті рет ота жасалған. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы хирургиялық ауруханада ем қабылдап жатыр. Осыған орай департамент бастығы Ералы Жумаханбетов отбасының хал-жағдайымен танысуға барды. Отбасы мүшелеріне рух сергектігін, мықты денсаулық және ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ әрдайым тәртіп сақшылары тарапынан кез-келген көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.