Елбасы қоры түркістандық балаларға орталық тарту етті

110

Елбасы қоры түркістандық балаларға орталық тарту етті. «Қамқорлық» деп аталатын оңалту орталығы Түркістан облыстық балалар ауруханасының тұсынан ашылды. Мұнда шетелдерден алынған 100-ге жуық жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Кешенде 17 білікті маман нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сауықтыру ісін жүргізеді.

Қамқорлықты қажет ететін балалар үшін сенсорлы киім, тіркеуге арналған аудиометриялық модуль, бейне-электроэнцефалография кабинеті бар. 21 күндік курсты құрайтын оңалту орталығында жылына 360 баланы қабылдау жоспарға енген.

Ерте даму орталығындағы кешенді емі мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және ақыл, дене жағынан дамып жетілуін қалыптастыруға септігін тигізеді. Атап айтқанда, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге пайдасын тигізбек. Бұл ем үйінде Түркістан облысынан бөлек, шымкенттік балаларда тексеруден өте алады дейді дәрігерлер.

Гауһар Үкбаева, Медицина ғылымдардың кандитаты: «Негізі туылғаннан бері балалар 3-жасқа дейін осы жерде қабылданады. Түркістан облысының балалары осы жерге келіп бөлімде жатады. Төсек оларға бар. Шымкент қаласының балаларын да осы жерде қабылдаймыз. Негізі 1 айда 30 баланы қабылдауымыз керек. Жалпы 1 жылда 360 баланы қабылдаймыз».

Нұрлан Сұлтанбек