Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Шымкент қаласында дүниеге келген және грек парламенті мүшелерінң арасында ең жас депутат Мария Апатзидимен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму келешегін талқылады. Елші грек депутатын елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалармен, Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларымен, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Парламенті Мәжілісіне кезекті сайлау алдындағы науқан барысымен және оның ерекшеліктерімен таныстырды.
Өз кезегінде М. Апатзиди Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық диалог арқылы жандандыру қажеттілігілімен келісті. Депутат Қазақстанның тумасы бола отырып, өткен ғасырдың соңында тарихи отанына оралған этникалық гректердің арасында Қазақстанға және елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени үдерістерге қызығушылықтың артып жатқанын атай отырып, екі ел арасында туристтер алмасуды кеңейтудің жоғары әлеуетіне назар аударды.
Сонымен қатар, депутат екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі бастамаларды қолдауға өзінің ынталы екендігін білдірді. Осыған растау ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Грек Республикасының Туризм министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды Грекия Парламентінің пленарлық отырысында мақұлдау барысында өзі мүшесі болып табылатын «MeRA-25» партиясының толық қолдау білдіргенін келтірді.
Кездесу соңында тараптар байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстардың келешегін белгіледі.