Кентау: «Қазпошта» бөлімшесі өртенген сәлемдемелердің құнын өтейді 

124

Кентаудағы №100  пошта бөлімшесінің  қауіпсіздігін «Мұсахан секьюрити» күзет агенттігі қамтамасыз етіп келген екен. 5 -ші желтоқсанда өрт болған күні  кезекшілікте болған агенттіктің қызметкерлері мен  оқиғаның куәгерлерімен жұмыс жүргізіліп өрттің  себептері анықталуда.

«Қазпошта» АҚ  баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, өрт барысында 424 пошталық cәлемдемелердің 370-іне зақым келтірілген. Қазіргі таңда шығынның көлемі және өтелетін сәлемдемелердің нақты  мөлшері анықталуда.

Тергеу амалдары аяқталған бойда «Қазпошта» АҚ  «Пошта туралы» Заңға сәйкес, азаматтарға сәлемдемелерінің құнын толық  өтейді. Қазпоштаның Түркістан облыстық филиалының басшылығы қазір облыс орталығында  іссапарда.

Кентау қаласындағы №100  орталық бөлімшесіндегі  өртке байланысты азаматтарды шахардағы өзге бөлімшелер қабылдап, қызмет көрсетуде. Айта кететін жәйт, оқиғаға байланысты  қазіргі таңда барлық пошта бөлімшелерінде өртке қарсы қауіпсіздік  жүйесі тексерілуде.

Шынар Оразова