Күркетауық етінен «Қазақстан деликатестерін» өндіру цехы ашылды

259

Түркістан облысы Ордабасы ауданында күркетауық етінен «Қазақстан деликатестерін өндіру» цехы ашылды. Өндіріс толық заманауи жабдықтармен қамтылған.

Әзірге өнім Қазақстан аумағында сатылуда. Шетелдерге экспортқа шығару жоспарланып отыр екен. Бұл да бір еліміздің мақтан тұтарлық өнімдерінің біріне айналмақ.

Ордабасы ауданында күркетауық етінен «Қазақстан деликатестерін өндіру» цехы ашылды. 2016 жылы «Ордабасы құс» ЖШС аталған өнімдерді өндіруге «Ғылым Қоры» АҚ-нан грант жеңіп алған.

«Қазақстан деликатестері» тек күркетауық етінен терең өңделіп жасалады. Цехтың қуаттылығы тәулігіне 5000 тонна өніммен шектелген. Алайда, Қазақстанның «Ғылым Қоры» -ның қолдауымен күркетауықтан жасалған шұжық өнімдерінің өндірісі кеңейтілді және ұлғайтылды. Қазір таңда өнімнің көлемі 2,5 есеге артқан.

Наталья ИВАНОВА, «Ордабасы құс» ЖШС-нің  бас директорының өндіру және сату бойынша орынбасары: «Қазіргі таңда цехтан 30 түрлі өнім шығады. Оның ішінде ысталған «Бадам» шұжығы, ысталған күркетауық кеудесі. Бірақ біз осымен тоқтамаймыз. Қазір тек күркетауық етінен өндіріліп жатыр. Жақын арада жылқы, сиыр етін де өндіріске қосамыз. Өнімнің барлығы халал».

Цех толық автоматтандыру жүйесімен жұмыс істейді. Заманауи жабдықтар климаттық камера, термокамера, кептіргіштермен қамтылған. Мұндағы технологтар цехтың жұмысын онлайн бақылай алады. Бұл өз кезегінде өнімнің сапасын арттырмақ.

Мадина ӘБДІРАШОВА, «Ордабасы құс» ЖШС-нің қызметкері: «Сосиска жасап жатырмын. «Саяхат» деп аталады. Бұл қойдың ішегінен жасалады. Таза еттен үндіктің етінен. Ешқандай қоспасы жоқ».

Шұжық цехында 45 адамды жұмыс істейді. Өндірісті іске асыруға 950 млн. теңге жұмсалған. Цех мамандарының айтуынша «Қазақстан деликатестері» шетелдік өнімнен кем түспейді. Алдағы уақытта бұл өнімдерді Біріккен Араб Әмірлігі мен Францияға экспортқа шығару жоспарланып отыр.

Олжас Айдарбек