«Lux Shoes» БК» ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісін іске қосты

223

Шымкенттегі отандық аяқ киім фабрикасы жаңа желіні іске қосты. «Lux Shoes» БК» ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент қаласының Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды.

Фабрика 250 жұп ЭВА, 350 жұп Термо және 150 жұп резеңке табанын дайындауға қауқарлы.

Отандық аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамызында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастаған еді. Жобаның инвестиция көлемі – 400 миллион теңге. Фабрикада 40 адам жұмыс істейді.
Сонымен бірге, 2020 жылдың басында кәсіпорын балалар, ерлер мен әйелдер аяқ киімдерінің, сондай-ақ арнайы аяқ киімдерінің табан өндірісін іске қосты. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өндірісті кеңейтуге 290 млн.теңге инвестиция салынды және жергілікті тұрғындар үшін қосымша 10 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

ЖШС бүгінде 30-дан астам ерлер аяқ киімін өндіруде. Аяқ киімнің барлық модельдері шынайы былғарыдан жасалған және төзімділігімен ерекшеленеді.

Арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым, жер және мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктері кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі