ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз — бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету — қастерлі парызымыз», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуде.