Қоқыс таситын көліктерге GPS-датчиктері орнатылмақ

187

Қоқыс таситын көліктерге GPS-датчиктері орнатылмақ. Бұл туралы бүгін өткен сенат отырысында айтылды.

Шенеуніктер осылайша мемлекет экологиясы түзелетініне сенімді. Айта кеткейік, Қазақстанда жылына 5 млн. тонна қоқыс шығарылады. Ал бүгінде елдің 3500 полигонында 120 мл.н тонна қалдық жатыр.

Қазақстанда жылына 5 млн. тонна қалдық шығарылады. Бұл туралы бүгін өткен сенат отырысында айтылды. Жауаптылар сөзінше олардың 80 пайызы кәсіпорыннан қалған қоқыстар. Бірақ олардың 15 пайызы ғана қайта өңделеді. Ал қалғаны полигонда жатыр. Айта кетейік, бүгінде 3500 полигонда 120 млн. тонна қоқыс қалдығы бар.

Елдің бас экологы көп ұзамай мәселенің түйіні тарқайтынына сенімді. Ол үшін кәсіпорындар озық технологияларға ауыстырылмақ. Және елдің 6 аймағында қоқыс өңдеу зауыты салынбақ олардың ішінде Шымкент те бар.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: «Қазіргі таңдағы елдегі үлкен проблема қоқыс өңдеудің төмен деңгейі. Жылына 5 млн. тонна қалыптасады. Қазір біз тек қана 15 пайызын өңдейміз. 6 пилоттық жоба іске асқаннан кейін қайта өңдеу деңгейі 30 пайызға жеткіземіз деген жоспар бар».

Қала берді енді қоқыс таситын көліктерге GPS датчиктері орнатылмақ. Осылайша мінбедегілер заңсыз қоқыс тастаудың көзін жоятынына сенімді. Және бар қалдықты тек бір жерге жинауды алға қойып отыр.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: «Бұл ретте заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген».

Еске салайық, мемлекет басшысы халыққа жолдауында экология мәселесіне баса назар аударған еді. Осыдан кейін елдің бас экологы әкімдерге халықпен кездесіп экология мәселесін тапсырған болатын.

  Назерке Үкібасова