«Қызыл кітапқа» енген ағаштарды кесетіндер үшін жаза қатаңдады. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында еліміздің бас экологы мәлімдеді.
Бұған дейін табиғат қаскөйлері сирек кездесетін ағашты аралағаны үшін 16 668 теңге беріп құтылатын. Енді айыппұл көлемі 1000 есеге көбейіп, 2 млн. теңгеден бір-ақ асты.
Еске салайық, «Қызыл кітапқа» енген ағаштарды кескендер бұған дейін 16 668 теңге беріп құтылатын. Енді айыппұл көлемі 1000 айлық есептік көрсеткішке жетті. Бұдан былай жойылуға шақ тұрған ағаштарды кескендер үкіметке 2 млн. 778 мың теңге төлейді. Және тағы да ағаш отырғызуға міндеттеледі.
Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, «Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде 30 есе мөлшерде компенсациялық ағаш отырғызу. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағында жасыл желекті екпелерді жойғаны үшін 10 есе мөлшерде ағаш отырғызу көзделетін болады».
Ал, сауда және интеграция министрі биыл елдегі тауарлар бағасының 10 пайызға жуық қымбаттағанын айтады. Бағаның өсуі алдымен пандемия басталғанда байқалған. Азық-түлік бағасының аспандауы әлі де тоқтамаған сыңайлы. Себебі ішіп-жем құны қазанда 3 пайызға, қарашада 2 пайызға өскен. Мұның себебін министр өзінше түсіндірді.
Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР Сауда және интеграция министрі: «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрі кіретін тізімінен 8 бойынша бағаның 10 пайыздан 30 пайызға дейін өсуі байқалады. Қант пен қарақұмық жармасы сияқты импортқа тәуелді тауарлар бағасы қарқынды өсті. Бұған жыл ішінде валюта бағамын және әлемдік бағаның өсуі себеп болды».
Осыған қарамастан экономика министрі елдегі жағдайдың оңалатынына сенімді. Сөзінше биыл республикадағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Және өңдеу өнеркәсібі де өсуде деп ағынан жарылды.
Айта кетейік, Шымкент өңдеу өнеркәсібі бойынша әлі де көш соңында. Есесіне инвестиция тарту бойынша аймақтар ішінде екінші болып түр.
Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР Экономика министрі: «Негізгі капиталға 10,6 трлн. теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестициялардың өскені байқалды. Оның ішінде ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалды. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар БҚО, Қызылорда, Атырау және Қарағанды облыстары».
Бұдан бөлек министрлер мұнай бағасының да көтерілгеніне дән риза. Айта кетейік, соңғы айда қара алтын құны 27 теңгеге өсті.
Назерке Үкібасова