Тула облысының клиникалық реабилитология институтынан келген жоғары медицина маманы, профессор Николин Валери қаладағы бөбектер үйіндегі балалардың денсаулығымен танысты.
Маманның қабылдауында тірек-қимылы бұзылған 4 науқас болды. Балақайлардың басым бөлігі церебральді сал дертіне шалдыққан.
Николин Валеридің айтуынша, қабылдауда болған балаларға оң нәтижесі бар оңалту дұрыс жүргізілуде. Сондықтан балаларға шетелде ота жасау қажеттілігі жоқ дейді.
Айта кетейік, Шымкент қалалық бөбектер үйінде 4 жасқа дейінгі 39 бала тәрбиеленуде.
Тоғыз балақай неврологиялық дертке шалдыққан. Науқастарға оңалту емін жүргізу үшін орталықта невролог, педиатр, реабиатолог, эпилептолог сынды мамандар жұмыс істейді.