Шетелдік ЖОО студенттері тұрақты сақтандыру мәртебесін қалай ала алады?

61

МӘМС шеңберінде тұрақты мәртебе алу үшін egov.kz электрондық үкмет порталында студент ретінде тіркелу қажет.

1-қадам. Электрондық үкіметтің(egov.kz) сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз.
2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз

3-қадам. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз.

4. Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі. Тиісті орган деректерді тексергеннен кейін Сіздің мәртебеңіз «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» болып өзгереді.

Назар аударыңыз, Сіз сессия аяқталғанға дейін сақтандырыласыз.
Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі тиіс.