Шымкент: Денсаулық сақтау саласында инвестициялық бес жоба жүзеге асты

201

 

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мақсатында биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба іске асырылды. Бұл жөнінде салалық басқарма мамандары мәлім етті.

Бұл жобаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 10 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған.

Олардың бірі №1 қалалық клиникалық аурухана базасындағы терапия және гемокоррекция орталығы болса, екіншісі «Медикер-ЮК» ЖШС-нің халыққа амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшін қалалық емхана құру жобасы.

Сондай -ақ, «Қайтпас» шағын ауданындағы бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана мен қалалық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобалары бар. Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Жоғарыда аталған төрт жобада биылғы жылы өз жұмысын бастап, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде.

Ал, бүгінгі таңда қалалық онкологиялық орталығы базасында ПЭТ орталығы мен сәулелік терапия орталығының қызметтерін ұсыну жобасы жүзеге асырылуда.
Осылайша, жеке инвестиция тарту арқылы бюджет жүктемесі төмендетіліп отыр.