Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Қошқарұлы Төлебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №57), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №58), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №59), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 казандағы №61 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №61), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қарашадағы №62 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №62), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №42 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) 3 тармақтың 3.5. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.5. азық-түлік базарларымен, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары), жәрмеңкелердің қызметі, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін шектеліп, жабық емес базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Бұл ретте, санитариялық-дезинфекциялық жұмыс жүргізуге аптаның бір күні белгіленсін. Жәрмеңкелердің жұмысын санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннельдерді және санитайзерлерді орнатуын қамтамасыз етілсін»;

2) 3 тармақтың 3.6. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін»;
3) 3 тармақтың 3.7. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, фудкорттар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар), сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі (келушелірге қызмет көрсету) жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін. Қоғамдық тамақтану нысандарында азық-түліктерден дайындық жасау, жинау-дезинфекциялау іс-шаралары қалыпты режимде жүргізілсін. Салтанатты, естелік іс-шараларын өткізуге (корпоративтер, банкет, той, еске алу, туылған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, беташар және тағы басқа), қоғамдық тамақтану орындарында банкеттердің өткізілуіне және кальянды пайдалануға тыйым салынсын»;

4) 3 тармақтың 3.12. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.12. көрермендердің қатысуынсыз бір мезгілде шоғырлану 100 адамнан аспайтын, ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын және тиісті аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және (республикалық бірыңғай күнтізбе бойынша) республикалық жарыстарды қоспағанда, көрмелерді өткізуге, спорттық, отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларын, жаппай жаңа жылдық іс-шараларды (оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарында бөгде адамдарсыз және көрермендердің қатысуынсыз әр топта бөлек өткізілетін таңертеңгіліктерді қоспағанда, балалардың таңертеңгіліктерін ұйымдастыруды, жаңа жылдық мерекелік тойлауларды), форумдарды, конференцияларды, семинарларды және адамдардың көп жиналуына қатысты іс-шараларды, оның ішінде үйлерде іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын»;
5) 3 тармақтың 3.25. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.25. сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктердің), сауда желілерінің сыйымдылығы 30% аспайтын, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге шектелсін»;
6) 3 тармақтың 3.26. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.26. цирк, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалардың ойын алаңдары және жабық бөлмелердегі аттракциондар, батуттар және тағы басқалар), букмекерлік конторлар, сауда-ойын-сауық кешендеріндегі, сауда орталықтарындағы, сауда үйлеріндегі мұз алаңдарының жұмысына тыйым салынсын. Кинотеатрлардың (сыйымдылығы 50% аспайтын, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелуін, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтық сақтаумен, шахматтық ретпен отыруын және ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмысын шектеумен рұқсат етілсін. Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда жұмысына қалыпты режимде рұқсат етілсін»;
7) 4 тармақтың 4.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.1. жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етілсін. Бетперделердің киілуі, толымдылығы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын».

2. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
3. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
5. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

А. Төлебаев, Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері