Шымкент қаласында оқушылардың қашықтан білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында білім басқармасы тарапынан 56 556 компьютер таратылған. Оның ішінде 47 330 компьютер осы жылы сатып алынған. Нәтижесінде жыл басында 28 оқушыға бір компьютер келсе, қазір 4 оқушыға біреуден келіп отыр.

Үлестірілген компьютерлердің 20 201-і осы жылдың 1 шілдесіне дейін таратылса, қазан айында 24 639 компьютер берілген. Ал қалған 11 716 компьютер 30 қараша күні жеткізілді.

Қазір қалада интернетке мұқтаж 18 461 отбасында 31 798 оқушы бар. Білім басқармасы мен«Қазақтелеком» АҚ бірлесіп 17 701 отбасыға «Bilim al» интернет тарифіне қосылған сим-карта беріліп, 760 отбасындағы оқушы оптикалық байланыс арнасымен қамтылды.

Сонымен қатар, білім ұйымдарының интернеттің жылдамдығын 8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ арқылы қосымша келісімшарттар түзілді.
Айта кетейік, қазірде қала әкімдігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп қала маңындағы интернет жылдамдығы төмен 33 елді мекенде мобильді оператордың 8 станциясын орнатуда.

Аталған шаралар елдегі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып отыр