Шымкент: Сайлау учаскелері саяси шараға дайындалуда

441

Қалалық мәслихат депутаттығына бес партиядан 83 үміткер сайлауға қатыспақ. Шымкент қаласы аумағындағы 312 сайлау учаскелері 10 қаңтарда өтетін Парламент және мәслихат депутаттарының сайлауына дайындалуда. Бүгінде сайлау комиссияларының құрамы да белгілі. 2705 комиссия мүшелері өз міндеттерін орындауға кіріскен. Әрбір учаске санитарлық талаптарды сақтау мақсатында медициналық жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған.Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 10 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. №91 сайлау учаскесінде болжам бойынша 2 мыңнан астам сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.

«Санитайзер, қолғап, қорғаныс шлемі барлығын берді. Сайлау күні дауыс беруге келгендер бетпердесіз келсе, оларға беріледі», -дейді №91 сайлау  учаскесінің комиссияның хатшысы Күміс Аманбаева.

Шынар Оразова