Шымкент: Жыл басынан бері алтыншы үшем дүниеге келді

295

Шымкентте екі күн қатарынан үшемдер туылды. Осылайша биыл үшінші мегаполисте туылған үшемдер қатары 6-ауға жетті. Жалпы дәрігерлер биыл қалада сәбилердің дүниеге келуі әлдеқайда көбейгенін айтады. Әсіресе үшемдер мен егіздердің туылуы артқан.

Шымкенттік Гауһар Нарметова алғаш рет ана атанатынын естігенде жүрегі жарылардай қуанғанын айтады. Бірақ, құрсағындағы сәбилердің бір емес, үшем екенін естігенде таң қалған. Осылайша жүктілігі карантинмен тұспа-тұс келген келіншекке жұмыстан шығуға тура келген. Бар арманым аман-есен босану болды дейді жас ана.

Айы мен күні жеткен жас ана алғашқы сәбилерін өткен айдың 25-сіне дүниеге әкелген. Содан бері 20 күн ауруханада жатып, жағдайының оңалғанын айтады. Енді міне үш қызымен үйінде. Айта кетейік, Гауһардан бір күн бұрын тағы бір шымкенттік келіншек өмірге үшем әкелген. 25 жастағы жас ана бірден 3 ұл босанған. Дәрігерлердің сөзінше, биыл Шымкентте 6 рет үшем туылған.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 25160 сәби дүниеге келді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6189 нәрестеге артық.

Назерке Үкібасова