Шымкентте 417 шақырымдық жолдың құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде

98

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.

– Шымкент қаласында транспорт саласында 417 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 88 шақырым магистралды, 329 шақырым ішкі орамдық көшелер. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 60 пайызға жетеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің сөзінше, көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, осы жылы 1-еуінің құрылысы басталған. Одан бөлек, қалада 2020 жылы 4 көпірде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 4 көпір күрделі жөндеуден өткен.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы