Шымкентте «Абайлаңыз, газ баллон!» акциясы өтті

102

Шымкент қаласы Қаратау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі «Абайлаңыз, газ баллон!» акциясын ұйымдастырды.

Аталған акция шеңберінде аудандық кәсіпкерлік бөлімі учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағында газ баллонын пайдаланатын тұрғын алабтарды аралап, тұрғындар мен бизнес иелеріне газ жабдықтарын пайдалану ережелерін түсіндірді.

Арнай мамандардан жасақталған топ газ балонын қолданып отырған Қайнар бұлақ саяжайында болды. Бұл аумақтағы асхана мен дәмхана иелеріне баллонды қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтануға шақырды.

СОНЫМЕН ҚАТАР, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ:
– Газ құрылғыларының ақауы болған кезде пайдаланбаңыз;
– Тұрмыстық (баллон) газды қолданарда абай болыңыз, газ құрылғыларының қауіпсіздігі үшін қойылатын барлық талаптарды сақтаңыз;
– Газ жабдығы дұрыс жұмыс жасамаған жағдайда маманға жүгіну қажет. Өз бетіңізше газ жабдығын жөндеу жұмысын жүргізгеніңіз өміріңізге қауіп тудыруы мүмкін;
– Газ баллондары мен газ жабдықтарын сертификаты бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алу қажет;

– Газ баллондарын ауыстырған кезде отты, электр құралдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынатынын әрдайым есте сақтаған жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЛЛОНДЫ ЖАҚЫН ОРНАТУҒА БОЛМАЙДЫ:

– газ плитасынан жарты метр қашықтықта;
– кез келген жылыту құрылғыларынан бір метр қашықтықта;
– егер жылытқыш ашық болса, баллонға дейінгі қашықтық 2 метрге дейін артады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі