Ағымдағы жылдың 14-20 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 6705 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған.
Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен 22 жайт ашылды.
Олар: тонау -1,бұзақылық -2, автокөлікті заңсыз иемдену -1, ұрлық -11 және басқада қылмыстар -7. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 894 жайт анықталды.
Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы (қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша -14 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы (қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша — 39, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша-22, жол ережесін бұзғандар – 674 , одан басқа да 145 жайт анықталды.