Дабыл қаққыштары жоқ көліктерді анықтаған ол өзіне ыңғайлы жерде тұрған темір тұлпарларды ұрлап әкетіп, оны саудалауды кәдімгідей кәсіпке айналдырып алыпты.
Күдікті автокөліктердің есіктерін қарапайым сызғышпен ашып және оларды жұрттың көзіне түспейтін жерге апарып отырған екен. Кейін көліктерге ресейлік жалған нөмер тағып, саудаға шығарып келіпті.
Пагондылар жүргізген тексеру жұмыстарынан кейін 11 темір тұлпардың 6-уы табылып, егелеріне қайтарылған. Ал, 2 автокөліктің бөлшек саудаға шығарылғаны, қалған қолды болған үш көліктің әлеуметтік желі арқылы сатылғаны анықталды. Ал күдікті болса, уақытша тергеу изоляторына қамалған.
Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ ресми өкілі: «Тергеу кезінде тергеушілер барлық фактіні жіті зерделеген. Әр оқиға орнындағы жақын орналасқан тұрғындардан сұхбат алынған. Бейнебақылау видеоматериалдар алынып, олар бойынша хронология қалпына келтірілген. Нәтижесінде көліктерді сағат таңғы 04:06 аралығында бір адам ұрлағаны анықталды. Ол қалаға кешкі сағат 20:00 шамасында келіп қауіпсіздігі нашар көліктерді іздеген. Жүргізілген ауқымды шарадан кейін күдіктіні Әл-Фараби аудандық ПБ қызметкерлері анықтап, ұстап әкетті».
Осы ретте полицейлер көлік тізгіндегендер автоұрылардан сақ болу үшін барлық қауіпсіздік шараларды сақтау қажеттігін ескертеді. Жалпы өткен аптада елімізде 3031 қылмыстық жағдай тіркелген. Оның 1970-і бір тәулікте ашылыпты. Сонымен қатар, өлім жағдайымен аяқталған 10 іс анықталған. 2 қарақшылық, 29 тонау және 463 ұрлық оқиғасы орын алған.
Ғалымжан Кенжебек