Леңгірдің орталығында жаңа аллея бой көтерді. Нысан Абайдың 175 жылдығына орай салынған. Әйтеке би көшесінде орналасқан аллеяны ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 3 метрлік ескерткіші безендіріп тұр.

Бауыржан ОМАРБЕКОВ, Төлеби ауданының әкімі: «Бүгін біз сіздермен қазақ халқының ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы ақыны, философ, ғалым Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы кездесіп отырмыз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақынның 175 жылдық мерейтойына орай тұрғызылған Абай аллеясы мен ескерткішінің салтанатты ашылуы Тәуелсіздік күніне орайластырылған».

Олжас Айдарбек