Бұл Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер жасөспірімдер. Түлкібас ауданының мектеп оқушыларын кір тасын көтеру спортында әлемдік жетістіктерге жетуге жаттықтырушысы шабыттандырып жүр.
2015 жылы спорттың бұл түрі бойынша әлемдік рекордты украиналық жасөспірім орнатқан болатын. Ол кір тасын 1102 рет көтерген. 5 жылдан кейін Түркістан облысының жасөспірімдері бұл көрсеткіштен асып түсті.
Рүстем АЛПАМЫСОВ, жаттықтырушы: «Осыншама жаттығып ақыры балалар мақсатына жетті. Ең аз дегенде 1124 рет және ең көбі 1224 рет көтерді. Мұнда бәрін тіркеген комиссия болды, бірақ пандемияға байланысты халықаралық өкілдер келе алмады, бірақ біз рекордтың бұзылғанын білеміз. Міне, олар менің шәкірттерім».
Түлкібастық оқушылар күн сайын жаттығу жасайды. Спорт мектебіндегі жаттығу құрылғыларын барлығы бірге ұйымдасып алыпты.
Алишан АЙБАСОВ: «Біздің күніміз залда өтеді, бос уақытта жүгіреміз, жаттығамыз және оқимыз. Бос уақыт жоқ, әсіресе ауылда. Ия, біз рекордты бұздық, алдымен жаттықтырушы бізге ұсынды, мүмкіндікті жіберіп алмауды шештік, енді рекордты бұздық, енді мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі де басқада нәтижелер көрсетеміз».
Жас спортшыларды танымал қазақстандық ММА спортшылары ынталандырады екен. Солардың бірі — ЮФС спортшысы, жекпе-жек шебері, жерлестері Шавкат Рахмонов.
Енді спортшылар рекордтар кітабының арнайы комиссиясын күтіп жүр. Себебі солардың қатысуымен бұл көрсеткіштерін тағы қайталауы керек. Ал жас спортшылар ол кезде қазіргі нәтижеден асып түсуге тырысамыз деп отыр.
Олжас Айдарбек