Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 21 рет азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, оған 297 азамат қатысты. Жеке қабылдау қорытындысымен 228 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 69-дың мәселесі шешілген.
Айта өту керек, пандемия әсерінен бұл жылы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке қабылдаулар саны кеміген.
Ал қала әкімінің орынбасарлары 47 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 206 азамат қатысқан. Оның ішінде 155 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 40 азаматтың мәселесі қанағаттандырылды.
Жалпы Шымкент қаласы әкімдігі басқарма басшылары тарапынан биыл 60 рет жеке қабылдау өткізілген. Онда 505 тұрғынның жеке мәселесі қаралды. Жеке қабылдау барысында 385 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 109 азаматтың мәселесі қанағаттандырылды. Ал 11 азаматтың мәселесі бүгінде орындалу үстінде.
Жеке қабылдауға қатысқан азаматтардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі тұрғын үй және жер мәселесі болған.
Атап айтқанда:
— тұрғын үй мәселесі – 129 азамат;
— жер мәселесі – 60 азамат;
— әлеуметтік саласы бойынша (мүгедектерге арналған коляска, арнайы мекенжай әлеуметтік көмек беру, және т.б.) – 50 азамат;
— қоғамдық көлік мәселесі – 44 азамат;
— коммуналды көмек (15 мың теңге) – 35 азамат;
— денсаулық сақтау – 34 азамат;
— жұмысқа орналастыру – 17 азамат;
— салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы бойынша – 14 азамат;
— су, электр қуаты, табиғи газ – 14 азамат;
— санитарлық тазалау – 12 азамат;
— жолдарды жөндеу – 12 азамат;
— интернет сапасы – 5 азамат;
— экология жақсарту – 3 азамат;
— әлеуметтік ғимараттарды құрылысын салу (мектеп, емхана ) – 2 азамат;
— несиелерді өтеу — 2 азамат;
— қоғамдықпен жұмыс атқаратын қызметкерлерге жалақысын көтеру мәселесі — 1 азамат;
— зейнетақысы мәселесі — 1 азамат;
— ойын алаңшасын салу — 1 азамат;
— «Құрметті азаматы» атағын беру — 1 азамат;
— білім саласы-1 азамат;
-кәсіпкерлік саласы- 1 азамат;
— басқа мәселелер — 66 азамат.
Сонымен қатар, 23 қарашада 39 азаматты қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары кезектен тыс қабылдау жүргізді.