Төлеби ауданындағы шалғайда орналасқан елді мекендерді газбен қамтамасыз ету мәселесі көптен бері шешілмей келген. Бірақ та биыл ауданның көп бөлігіне көгілдір отын қосылды. Қаіргі күні газға жете алмай отырған жеті ауыл қалған.
Бауыржан Омарбеков, Төлеби ауданының әкімі: «Мердігер анықталды, олар газ құбырын салуды кейінге қалдырған жоқ, қазір жұмыс басталады. Қасқасу және Қоғалы ауылдық округтері, жеті елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі».
Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарына көгілдір отынды үйлеріне кіргізу қиын болып тұр екен. Себебі жұмысы үшін бағасы тым жоғары. Аудан тұрғындары мердігер компаниядан қызмет бағасын қайта қарауды сұрап, жұмыстарын сапалы істеуді талап етіп отыр.
Айта кетейік, 2019 жылы апатқа байланысты ауданның 7 елді мекенін газдан ажыратуға тура келген.
Олжас Айдарбек