Түркістан облысында 95 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл жалпы өңір тұрғындарының 4.7 пайызын құрайды.
Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне қарасты Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Икрамов хабарлады.
Өкініштісі сол, бір ғана Түркістан обыслында 14 мыңға жуық кәмелетке толмаған мүгедектер тіркелген. Ал, мүгедекті рәсімдеудің өзі 4 айға жуық уақытты алатын көрінеді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың статистикасы өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеген. Яғни, 10 айдың көресткіші бойынша, 17 340 адам куәләндірілса, оның 16 668-і мүгедек деп бекітілген.
Сабыржан ИКРАМОВ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне қарасты Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы: «Ересектер арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар, қан айналым жүйесі 28 пайыз, жарақат алудың барлық түрлері 15 пайызды, қатерлі ісіктер ауруы 12,7 пайзыды құрап отыр. 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар арасында, мына аурулар дамудың анамалиалық 30,6 пайыз, нерв жүйесі аурулары 23,3 пайыз, психикалық және мінез құлықтың бұзылуы 10 пайыз».
Сонымен қатар, өңірде 172693 зейнеткер тіркелген. Оларға ай сайын 8,7 млрд. теңгеге жуық зейнетақы төленеді екен. Ал, жалпы алғанда зейнетақы мен әлеуметтік төлем алатындарға 25,5 млрд. теңгені құрайды екен. Бұл қаражаттың барлығы республикалық бюджеттен қаралған.
Ғалымжан Кенжебек