Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісінде «Түркістан-қаупсіз қала» бағдарламасының іске асырылуы барысы, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу секілді өзекті мәселелер қаралды.
Облыстық Полиция департаменті басшылығының мәлімдеуінше, жыл басынан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 29,9 пайызға төмендеген. Биыл құқықбұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандар және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 332 қолайсыз отбасы ішкі істер органдарының есебіне алынған.
Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасаған азаматттарға 6799 әкімшілік хаттама түзілген.
Шынар Оразова