Түркістан облысының дәрігерлері 39 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды

39

 

Дәрігерлер жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 39 жастағы тұрғыны тұңғышын жедел-жәрдем қызметімен перзентханаға бара жатқан жолда босанған.

Дәрігерлердің айтуынша, кіндігі мойнына бірнеше рет оралғандықтан, нәресте тұншығып туылған. Облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жандандыру әдісін қолданып 10 минут шамасында сәбидің тыныс алуын қалпына келтірген.

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады. Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде. Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған.