Түркістан: Тәуелсіздік күнінде 28 сәби дүниеге келген

883

Түркістан қаласында 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігі күнінде 28 сәби дүние есігін ашты. Оның 13-і ұл бала болса, 15-і қыз бала.

Жалпы, облыс орталығында нәрестелердің туылу көрсеткіші өсуде. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы өсім 1500 сәбиге артқан. Жүкті және босанған әйелдерге шетелде білімін жетілдірген және жоғары білімді мамандар медициналық көмек көрсетіп жатыр.