Түркістанды зерттеу бойынша кешенді бағдарлама әзірленбек

110

 

Түркістан өңірінің тарихын, археологиясы мен мәдениетін Қазақстанның рухани астанасы ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесі жаңа және кешенді көзқарасты талап етеді. Ол үшін кешенді бағдарлама әзірлеу қажет дейді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев белгілі ғалымдармен кездесу барысында.

Өңірдің шынайы келбетін ашу мақсатында бағдарламаға ауқымды шаралар енуі тиіс: ол кітаптарды аудару және басып шығару, сонымен қатар археологиялық қазбалар, тарихи -мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, қайта құру, театр және қойылымдар.

Ғалымдар өз тарапынан Түркістанды біртұтас тарихи-мәдени аймақ ретінде зерттеу тарихына жүгіне отырып, оны ортағасырлық авторлардың еңбектерінен бастау керектігін алға тартуда.

Шынар Оразова