50 жастағы әйелді дәмханада сабап кеткен

183
фото Stan.kz

Шымкентте 50 жастағы әйелді бөтелке сынықтарымен жарақаттап кетті. Оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған.

Жау алыстан келмеген. Ш. Уәлиханов көшесіндегі ғимаратта болған ер мен әйелдің ұрысы соңы қанды оқиғамен аяқталыпты. Абырой болғанда жәбір көрген келіншек аман. Тек бас миы шайқалып, бірнеше қабырғасы сынып, арқасы жараланған. Осыған қарамастан ол ауруханаға жатудан бас тартыпты.

 Назерке Үкібасова