Қыста шашқа ерекше күтім керек. Суық та ылғал ауа, жауын-шашын, жел мен бас киім шаш құрылымын зақымдайды. Шаш әлсіреп, жансызданып, тез түседі. Мұның барлығы қыста білінбесе де, көктем шыға бас киім тастағанда бірден байқалады. Шашымызды қалың әрі балғын қалпында сақтауға бірнеше кеңес ұсынамыз. Үйде арзан әрі тез жасауға болатын күтім тәсілдері тез әсер етеді.

ЫЛҒАЛДАНДЫРУ

Күн суығанда шаш та бет терісі сияқты ылғалдылығын жоғалтады. Бұған екі себеп бар: үйдегі құрғақ ауа мен сырттағы құбылмалы күн райы. Қыста шашымыз ерекше күтімді қажет етеді.

КЕПТІРУ

Қыста басыңызды жуғаннан кейін, дұрыс кептіре білу керек. Шашты қатты кептіруге де, су, ылғал қалпында қалдыруға да болмайды. Кептірерден бұрын шашқа арналған арнайы жақпамай қолданыңыз.

ШАШ ТҮСУІ

Қыста шаш «төгіледі». Бұл мезгілде иммунитет әлсірейді, сыртқы факторлардың әсері болады және шаш ылғалдылығынан айырылып, тез құрғайды.
Мұның барлығын болдырмай, шашыңыздың әсем қалпын сақтағыңыз келсе, аптасына кемі бір рет шашыңызға көңіл бөліңіз. Шаш түбін қатайтатын, ылғалдандыратын маска жасаңыз.

ЖҰҚА ШАШҚА АРНАЛҒАН МАСКА

Керек заттар: 3 дана орташа картоп, қаймақ.
Дайындау: Қайнаған картоптың қабығын аршып, жақсылап езу керек. 2 ас қасық майлы қаймақ қосамыз.
Маска дайын. Дайын жақпаны бас терісіне және шашқа ұзына бойы жағамыз. Арнайы қалпақ киіңіз. Сыртынан орамалмен ораңыз. 30-40 минут ұстаңыз. Сусабын қолдана отырып жылы сумен шайып тастаңыз.

МАЙЛЫ ШАШҚА АРНАЛҒАН МАСКА

Керек заттар: алоэ, бал.
Дайындау: 1-2 шай қасық алоэ шырыны мен 1 ас қасық сұйық балды араластырыңыз. Дайын жақпаны шаштың түбіне ысқылап жағыңыз. Арнайы қалпақты киіңіз. Орамалмен ораңыз. 20 минуттан соң басыңызды жақсылап жуасыз.
Мұндай масқа бас терісіне оң әсер етеді. Бастағы қан айналымын жақсартып, шаштың түбін қатайтады.

ШАШТЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРЕТІН МАСКА

Керек заттар: Жұмыртқаның сарысы, көк саз, сары май, бал, лимон шырыны мен сірке суы.
Дайындалуы: Жұмыртқаның 1 дана сарысына 1 шай қасық көк саз, сары май, бал, лимон шырыны мен сірке суын қосады. Жақсылап араластырып, шаштың түбінен бастап ұзына бойы жағып шығыңыз. Арнайы қалпақ киіп, орамалмен ораңыз.
30-40 минут ұстау керек. Сосын шашыңызды сусабынмен жақсылап жуыңыз.
Мұндай жақпа қалпынан айырылған шаштарға арналған. Шашыңыз жылтырап, жұмсарады.

АЙРАННАН ЖАСАЛҒАН МАСКА

Керек заттар: пияз, айран, зәйтүн майы, түйеошаған майы (репейное масло) немесе майсана майы (кастровое масло) жұмыртқаның сарысы.
Дайындау: 1 ас қасық айранға 1 бас пияздың шырынын, 1 шай қасық түйеошаған майын немесе майсана майын және жұмыртқаның 1 дана сарысын қосып араластыру керек.
Дайын қоспаны бас терісіне жағыңыз. Басыңызға арнайы қалпақ киіп, орамалмен орауды ұмытпаңыз. 30 минут күтіңіз. Шашыңызды шайыңыз.
Мұндай маска шаштың түбін қатайтады. Және өсуіне әсер етеді.

БАНАННАН ЖАСАЛҒАН МАСКА

Керек заттар: банан, зәйтүн майы.
Дайындау: 1 дана бананды езіп үстіне 1 ас қасық зәйтүн майын қосыңыз. Жақсылып араласқан жақпаны бас терісіне жағыңыз. Арнайы қалпақ кию крек. Орамалмен ораңыз. 30-40 минуттан соң шашыңызды сусабынмен жуыңыз.
Мұндай маска шашыңызды жұмсақ қылады.

ЕСКЕРТУ: Масканы қолданбас бұрын шашыңыздың түрін анықтаңыз. Бұл өте маңызды. Маска құрамындағы кейбір қоспалар құрғақ шаштарға арналмаса, енді бірі майлы шаштың түбін «қоздырып», тіпті майландырып жіберуі мүмкін.
Шаштың 4 түрі: қалыпты, құрғақ, майлы, қоспалы (құрғақ-майлы) бар. Шаш түрі бас терісіне тікелей байланысты болады.

Дайындаған –Айжан Ермекқызы

«Оңтүстік Рабат», №2, 14 қаңтар 2021 ж