Қазгидромет қызметінің жергілікті мамандары алдағы демалыс күндері Түркістан облысы мен Шымкентте аяз сақталады дейді.

Шымкентте қар жауды

23-қаңтарда облыстың таулы аймағында қалың қар жауады, сынап бағанасы түнде 9-14 градусқа төмендейді. Күндіз ауа температурасы 1 -6 градус аяз. 24-ші қаңтарда жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Түнде ауа темперутасы 5-10 градус суық. Ал күндіз 0 ден 5-8 градусқа дейін аяз күтіледі.

Арайлым МАХАНОВА, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Шымкентте 23-ші қаңтарда кейбір уақытта қар жауады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус , күндіз 3-5 градус аралығында аяз болады. 24 қаңтарда түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз «.

Шынар Оразова