Енді зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру үшін жаңа қызметтің көмегіне жүгіне аласыз. Үйде отырып-ақ зейнатақы қорыңыздағы қаржыны қандай мақсатта, қанша көлемде ақша алуға мүмкіндігіңіздің бар екенін ұялы телефонмен білуге болады. Ол үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мекемесіне барудың қажеті жоқ.
Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді. Жеткіліктілік шекті білуге арналған онлайн-платформаға кіріп, бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек.
cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет.
Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек: өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
«Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.
Нұрлан Сұлтанбек