Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 90 миллионнан асты. Бұл жайында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.
11 қаңтар, сағат 07:22-дегі мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 90 млн. 216 мың 381 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 млн. 933 мың 487 науқас бұд індеттен көз жұмған.
Тәжівирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер қатарын АҚШ пен Үндістан бастап тұр. Ал Қазақстанда өткен тәулікте 411 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.
Алайда, өткен тәулікте 746 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Өткен жылдың 1 тамызынан бері ауырғандардың көрсеткіші 46350 болса, қатерлі індеттен 525 қазақстандықтан өлім жағдайы тіркелді. Жалпы жазылып шыққандардың саны 33904 жетті.
Нұрлан Сұлтанбек