Бүгін Д.Қонаев даңылындағы «Роял» клубынан Т.Рысқұлов көшесі қиылысы және Т.Рысқұлов пен М.Х.Дулати көшелерінің аралығы жабылды. Мұнда жолайырығы құрылысының екінші кезеңі басталды. Қала әкімдігі Т.Рысқұлов көшесі мен Д.Қонаев даңғылы жолайрығының құрылысын ағымдағы жылдың қараша айында тапсыруды жоспарлап отыр. Құрылысты жалғастыруға биыл республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінген. Былтыр құрылыстың бірінші кезеңіндегі жұмыстарды жүргізуге 500 млн. теңге игерілген болатын. Д.Қонаев даңғылы 1 қыркүйекте ашылуы тиіс. Жауаптылар құрылысқа қатысты орын алған жайсыздықтарға халық түсіністік танытады деген сенімде.
Мақсұт ИСАХОВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Біз уәде еткендей  бүгін, яғни 20 қаңтарда Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов бойындағы жолайырығы құрылысының екінші кезеңін бастадық. Мұнда жол жабылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Д.Қонаев даңылындағы жол 1-ші  қыркүйекке дейін пайдалануға берілуі тиіс. Ал жолайрығын   көлік қозғалысы үшін  қарашада  ашамыз деп жоспарлаудамыз. Құрылыс болған соң қиындықтар болады».

Шынар Оразова