Кәсіпкерлікті қорғауға қатысты 246 өтініш түскен

255

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасымен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүделлерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша  2020 жылда  атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.

Қайрат  Ақенов, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: «Кәсіпкерлер палатасының қарауына кәсіпкерлікті қорғау саласында жалпы 246 өтініш қабылданған. Олардың 232 қаралып, 160 өтініш кәсіпкерліктің пайдасына оң шешімін тапты. Бұл келіп түскен өтініштердің 65 пайызын құрайды».

Қорғалған құқықтардың мөлшері 3 438 320 482 теңге құрады. Бұл негізінен мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша алынбаған ақша, мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша заңсыз есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар. Сонымен қатар заңсыз есептелген әкімшілік айыппұлдар. мемлекеттік органдарының кәсіпкерлерге қатысты шығарған заңсыз шешімдері. 53 өтініш қаралуда.

Өтініштердің санаты бойынша статистика

көлік және логистика -20,9 пайыз,

мемлекеттік сатып алу 17,7 пайыз.

салық және кеден мәселелері 16.6 пайыз,

санитарлық нормалар бойынша 15.5 пайыз,

жер қатынастары мәселелері бойынша  13.4

қалған өтініштер қаржы секторы, табиғи монополиялар, әкімшілік кедергілер, кәсіпкерлер арасындағы дауларға қатысты.

Шынар Оразова