Мұқтаж отбасыларға тегін көмір таратылды

124

Шымкент қаласы Қаратау ауданының Қайнарбұлақ елдімекенінде 200-ге жуық отбасыға (көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен жəне жалғыз басты аналарға) тегін көмір үлестірілді. Қайырымдылық іс-шара аудандағы демеушілер тарапынан ұйымдастырылып отыр.

— Қыстың аязынан көмір отынынсыз шығу мүмкін емес. Көмір түсірудің де өзі қалтаға салмақ салады. Осы қайырымды іс-шараны ұйымдастырған жандарға елдімекен тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, – дейді елдімекен тұрғыны Саида Батырбекова.

Аудан әкімі Абзал Әліқұловтың айтуынша, ауданда демеушілер тарапынан қайырымды істер тұрақты түрде өткізіледі.
Аудан әкімі көмек қолын созған барлық кəсіпкерлерге өз алғысын білдірді.