«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70 пайызға жаңарды. Орташа жасы — 49, яғни, 4 жылға жасарды.
Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни, тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Тізімге енгендер қатарында Шымкент қаласынан түскен кандидаттар да бар. Олар:
1. Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев
2. Берік Айдарбекұлы Бекжанов
3. Берік Серікұлы Оспанов
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліске шымкенттік 4 кандидат үміткер ретінде тіркелген болатын.