https://alashainasy.kz/

Балаларға азғындық жасағандарға жаза күшейді. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Пагондылар сөзінше енді кәмелет жасына жетпегендерге қол жүгірткендер 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Еске салайық, бұған дейін педофильдерге берілетін мерзім 15 жылдан әрі аспайтын.

Балаларға азғындық жасағандарға жаза күшейді. Енді кәмелет жасына жетпегендерге жыныстық зорлық көрсеткендер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Еліміздің Ішкі істер министрлігі осылай деп мәлімдеді. Пагондылардың айтуынша, заңға қатаңдық қатары көбейген қылмыстан кейін енгізілген.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ ресми өкілі: «Балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез-келген түріне жауапкершілік қатаңдатылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін санкциялар күшейтілді. Мәселен, қылмыстық кодекстің 120-бабы зорлау қылмысы бойынша айтар болсақ, қылмыстық топ құрамында әрекет жасағаны үшін жазаның төменгі шебі 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға көбейтілді».

Ал, егер балаға азғындықты ата-анасы не мұғалімдері жасаса олар 17 жылдан 20 жылға дейін сотталады. Айта кетейік, бұған дейін бұл мерзім 15 жылдан әрі аспайтын. Осылайша педофильдерге қатысты 6-бапқа өзгеріс енгізілді. Бұдан бөлек, шенділер елдегі шетелдіктер мәселесіне де тоқталды.

Елімізде уақытша болатын шетелдіктердің мәртебесін заңдастыруға және Қазақстанда заңнаманы бұзуға жол бермеуге мүмкіндік береді. Негізгі акцент отбасымен қосылуға, келген шетелдіктерге құжаттарын жарамдылық мерзімі өткен азаматтарға сондай-ақ, еңбекші көшіп келушілерге жасалған

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 6384 қылмыс тіркелген екен. Оның 35-і кісі өлтіру болса, 12-сі денсаулыққа зиян келтіріп, өліммен аяқталған оқиғалар.

Назерке Үкібасова