«Қазақстанның тұмса табиғаты-2021» фотобайқауы жарияланды

473
фото Sputnik Қазақстан

«Қазақстанның тұмса табиғаты — 2021» фотобайқауы қоршаған ортаны құрметтеу идеясын кеңінен насихаттау, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелеріне қоғам назарын аудару, табиғи әртүрлілікті сақтау және табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларды қолдау мақсатында өткізіледі.

ФОТОБАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

Қазақстанның құстары мен аңдары;
Аңдар мен төлдері;
Макроәлем;
Қазақстан пейзаждары;
Тұмса табиғат қорғаушылары – аңдарды, табиғатты құтқару жайында фотохиқая.

СЫЙЛЫҚ ҚОРЫ — 1 500 000 теңге

Әр номинация жеңімпаздарына 300 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі!

Жұмыстар 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуірге дейін қабылданады.

Конкурсқа 18 жастан асқан ҚР азаматтары әуесқой мен кәсіпқой фотографтар қатыса алады.

Қатысушылар байқаудың әр номинациясына 2 жұмыстан жібере алады.

Байқаудың қорытындысы 2020 жылдың 20 сәуірде мәреге жетіп хабарланады.