Қазақстанда өткен жылы 31 мың жұмысшы еңбекақысын ала алмай жауаптыларға жүгінген. Бұл туралы еліміздің Еңбек инспекциясы мәлімдеді.
Жауаптылар ақпаратына сәйкес республикадағы 1184 кәсіпорын жұмысшыларына айлық бермей әбігерге салған. Олардың берешегі 4,2 млрд. теңгеге жетіпті. Осылай деген инспеция өкілдері мәселені жыл соңына дейін шешкендерін айтады. Және жұмыскерлер алдындағы берешек толық өтелді дейді.
Айта кетейік, мұндай былық Шымкентте де жоқ емес. Жыл ішінде мегаполистегі инспекцияға 526 жұмыскерден арыз түскен. Осылай деген шымкенттік жауаптылар тек 441 жұмыскердің айлығын алып бергенін айтады.
Нұржан Қалжанов, Шымкент қаласы еңбек инспекциясының басшысы: «Бізге негізінен жеке меншік балабақшада жұмыс істейтін жұмыскерлер жүгінеді. Қала берді күзет агенттігіндегі мамандар көмек сұрайды. Бұлан бөлек, кәсіпорын қызметкерлері де айлығын ала алмай бізге келеді».
Назерке Үкібасова