Шымкент: Партия белсенділері Елбасының «Алғыс хатын» алды

209

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты шара өтті. Оның барысында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан партиялықтарға Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хатын» Шымкент қаласы бойынша сайлауалды штаб жетекшісі Бахадыр Нарымбетов табыстады.

Қарантин шараларына байланысты 215 марапаттаушы топқа бөлініп марапатталды. Жоғары құрметке ие болған нұротандықтардың арасында 5,6,7-ші шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Төреайым Сұлтанова да бар.

Төреайым СҰЛТАНОВА, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:»Бүгін қуанышты күн. Таңертеңнен Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партиямыздың жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хатын» алып отырмыз. Біз халықтың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің өркендеуіне бағытталған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға ат салысамыз».

Айта кететін жәйт, 10 қаңтарда өткен сайлауда Шымкент қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 78,63 пайыз дауысын жинаған. Сайлау нәтижесі бойынша Шымкент қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясынан 24 депутат сайланса, «Ауыл» және «Ақ жол» партиялары әр қайсысы 3 мандатқа ие болды.

Шынар Оразова